+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Бурабай ауданында жұмыспен қамту тиімді жүргізілуде

2020 жылғы 14 тамыз 04:22
Бөлісіңіз:
Бурабай ауданында жұмыспен қамту тиімді жүргізілуде

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Бурабай ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 – 2021» бағдарламасы шеңберінде 410 адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Еңбек» бағдарламасының жүзеге асырылуына кім жауапты «Көше саудасы - 1000 орын» бағдарламасы: Елордада 1700 жұмыс орны құрылды Кентауда «Еңбек» бағдарламасы аясында 4 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

Бурабай аудандық еңбекпен қамту орталығы мамандарының мәліметі бойынша, ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 – 2021» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Бүгінде орталық қажетті білікті мамандарды іріктеп, оларды жұмыс берушілерге жібереді. Бағдарламаның жапағатын көріп, екі қолға бір күрек тапқан жандардың бірі – Рүстем Айданов.

34 жастағы жігіт пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған. Аталмыш мекеме оны 2020 жылдың 12 мамырында Бурабай аудандық жұмыспен қамту бөліміне жіберген. Ондағылар Рустемді «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 – 2021» бағдарламасы арқылы «ПСК Көкшетау құрылыс» ЖШС құрылысшы ретінде уақытша жұмысқа орналастырыпты.

Қазіргі кезде, аталмыш компания Щучье қаласындағы №6 орта мектепте күрделі жұмыстарын жүргізуде.

«Қазіргі кезде мен құрылыс алаңында мектеп ғимаратының штырын жабумен айналысамын. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік», - дейді Рүстем Айданов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT