+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Бурабай ауданында онлайн қызмет көрсететін «Сервистік әкімдік» ашылды

2020 жылғы 2 мамыр 05:01
Бөлісіңіз:
Бурабай ауданында онлайн қызмет көрсететін «Сервистік әкімдік» ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Бурабай ауданында онлайн режимде қызмет көрсететін «Сервистік әкімдік» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сервистік әкімдіктің» ашылуына жергілікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин және Бурабай ауданы әкімі Әсет Мұздыбаев қатысып, сөз сөйледі.

Ведомстводан атап өткендей, енді жергілікті тұрғындар құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, ауыл шаруашылық, білім беру, сондай-ақ әлеуметтік салаларында өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша кеңестер мен қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша ала алады.

Сонымен қатар, аудан әкімі мен оның орынбасарлары Оpen space форматындағы кабинетте апта сайын азаматтарды жеке қабылдайды. Айта кету керек, төтенше жағдай кезінде азаматтарды қабылдау, кеңес беру және мемлекеттік қызметтерді көрсету онлайн режимде жүргізіледі.

«Барлығымыз білетіндей, төтенше жағдай кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдар өз жұмысын қашықтан жүргізетін форматқа ауыстыра отырып, халыққа түрлі қызметтер көрсетуді жалғастыруда. Сервистік әкімдіктер қызметтерді алудың жеделдігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз етуге, бюрократия мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқартуға, сондай-ақ халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді деп есептейміз. Ағымдағы жылдың соңына дейін облыстың барлық өңірлерінде ұқсас Сервистік әкімдіктерді ашу жоспарда бар», - деп атап өтті өз сөзінде Арман Бердалин.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы қол жетімділік, ашықтық пен айқындық қағидаттарына негізделетін жергілікті атқарушы билік пен халықтың өзара іс-қимылының жаңа форматына көшуді тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT