Бурабай ауданында өлген адамның сүйектері табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Бурабай ауданында құрылыс жұмыстары кезінде адамның сүйектері табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жылдың 29 наурызында Бурабай аудандық ПБ кезекші бөліміне Мәдениет ауылында жаңадан салынып жатқан ғимараттың құрылыс жұмыстары кезінде адам сүйектері табылғандығы туралы хабар түсті. Айтылған жерге дереу полиция қызметкерлері барды. Құрылыс жұмыстары барысында адамның сүйегіне ұқсас 18 сүйек табылды», - деді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі кезде осыған байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Анықталғандай, сүйек қалдықтары табылған жерде шамамен 35-40 жыл бұрын жеке тұрғын үй болған. Қазіргі уақытта осы учаскеде «Бурабай МҰТП Золотобор орманшылығы» ғимаратының құрылысы жүргізілуде», - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар