+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Бурабай ауданына жаңа әкім тағайындалды

2019 жылғы 14 тамыз 18:18
Бөлісіңіз:
Бурабай ауданына жаңа әкім тағайындалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Бурабай ауданында жаңа әкімді таныстырды.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде баспасөз хатшысы судья болды Қызылорда облысында бірқатар тағайындаулар болды Қызылордада Табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімдері бойынша оған Әсет Азаматұлы Мұздыбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әсет Мұздыбаев 1972 жылы туған. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін инженер-механик мамандығы бойынша және Көкшетау университетін қаржы бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

1992-2005 жылдары коммерциялық құрылымдарда істеді. 2005-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы «Казстройсистема» АҚ менеджері, бөлім басшысы, құрылыс компаниясының бас директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РММ инженерлік-техникалық бөлімінің басшысы болып істеді.

2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы өндірістік инфрақұрылым басқармасының басшысы, 2014 жылдан бастап 2019 жылдың қаңтарына дейін ҚР ПІБ «Қараөткел» РМК директорының орынбасары қызметін атқарды.

Осы тағайындауға дейін Аршалы ауданы әкімінің орынбасары болып істеген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT