Бурабай ауданына 90 жыл: Ардагерлер мерейтойлық медальдармен марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданы 90 жылдығын дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астананың 20 жылдығына орайластырылған Щучинск қаласындағы Мəдениет үйінде ұйымдастырылған шарада аймақ басшысы Мəлік Мырзалин аудан тұрғындар мерейлі мерекемен құттықтады.

"Бурабай Ақан сері, Біржан сал, Мағжан жəне Сəкен жырына қосқан көрікті де, киелі мекен. Ел тарихымызды зерттеу бойынша қолға алынған Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Бурабайдағы Оқжетпес тауы, Абылай хан алаңы, Кенесары үңгірі, Ханның қызыл ағашы тəрізді тарихы нысандар Қазақстанның киелі жерлері картасына еніп отыр. Бұл біз үшін үлкен абырой. Жалпы, Бурабай ауданының облыстың əлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесі зор. Бүгінгі таңда курортты өңірде туризді дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде" дей келе, аймақ басшысы өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бір топ бурабайлықты Ақмола облысы əкімінің Алғыс хаты жəне соғыс жəне тыл, еңбек ардагерлерін мерейтойлық медальдарымен марапаттады.
null 

Сонымен қатар, шараға арнайы келіп, қатысқан Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы Азамат Əмірғалиев құттықтау сөз сөйлеп, Алғыс хаттар тапсырды.

Мерекелік шара жергілікті көркем өнерпаздар ұжымының орындаудағы мерекелік концертке ұласты.

Мəдениет үйінің фойесінде ұйымдастырылған Бурабай ауданының тарихи көрмесі жəне Щучинск қаласының орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің азық-түлік жәрмеңкесі де мерейтойдың  шырайын аша түсті.

null null 

Соңғы жаңалықтар