Бүлікшілермен қақтығыста қаза тапқан полицейлердің тізімі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүлікшілер және лаңкестермен қақтығыста Ұлттық ұланның екі және және полицияның 5 қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Өз міндетін адал атқарғандар:

Тараздық полиция қызметкері капитан Сланбеков Рахат Нұрбайұлы;

Алматы қаласының полиция старшинасы Қамбетов Ринат Талғатұлы;

Алматы полиция бөлімінің аға сержанты Асылханов Әлен Мұхитұлы;

Прапорщик Ержанов Ербол Тілеубекұлы;

Жамбыл облыстық полициясының кіші сержанты Алмасов Нұрболсын Ғаниұлы.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Ұлттық ұланның екі жауынгері ереуіл кезінде мерт болғанын жазған болатынбыз.

Олар - қатардағы жауынгерлер Қайсаров Мадияр Оразалыұлы және Аманов Айбат Ерболұлы.


Соңғы жаңалықтар