Бүлікшілер шабуылды алдын ала сызылған жоспар бойынша жүргізген – Бас прокуратура

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасы кезінде бүлікшілер шабуылдарды алдын ала сызылған жоспар бойынша жүргізген. Бұл туралы Бас прокуратураның «Қаңтар оқиғасы: Дерек пен дәйек» деректі фильмінде баяндалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы әкімдігіне от қояр сәттегі мына кадрларға назар аудару керек. Полиция қызметкерлері бейбіт келссөз жүргізуге тырысып жатқанда, бір арандатушы ортаға түсіп, көпшілікті жаппай тәртіпсіздікке үндейді. Әкімдікті өртеген соң, бүлікшілер іргедегі Президент резиденциясына шабуылдайды. Бұл сәттегі кадрларға қарасақ, шабуылдың алдын ала сызылған жоспар бойынша жүргізілгені анық байқалады. Алдымен темір қоршауды жүк көлігімен соғып, сосын ғимаратқа қарай бет алады. Қалқандармен қорғана отырып, күзетшілерге оқ жаудырады», - делінген Бас прокуратура ұсынған деректі фильмде.

Ведомство мәліметіне сәйкес, Қаңтар кезінде 12 ұйымдасқан қылмыстық топ әрекет еткен. Олардың ішіндегі белсенділері «Айшуақ-Жантүгел» және «Дикий Арман» топтары. Соңғысы қаланың әр жерінен 24 азаматты ұрлап, ұрып-соғып «Қазақстан» және «Ritz Carlton» қонақ үйлерінің паркингінде ұстаған. Деректі фильмде аталған қылмыстық топтық қолында болған азамат сол кезде көрген қорлығын күйзеліспен еске алды.

«Барлығымызды сол жерде өте қатты азғындықпен ұстады. Ұрып-соғып, қан жоса етіп, таңертең сағат 11-лер шамасында барлығымызды мал сияқты жүк көлігіне тиеді. Ол контейнерде ұрып-соғып, бір тәулік ұстады», - деді жәбірленуші.



Видеодан алынған кадр
Соңғы жаңалықтар