+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Бұлбұл Қартаңбаева АҚШ хоккей лигасындағы тұңғыш қазақстандық атанды

2019 жылғы 17 тамыз 15:24
Бөлісіңіз:
Бұлбұл Қартаңбаева АҚШ хоккей лигасындағы тұңғыш қазақстандық атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан хоккей құрамасының шабуылшысы Бұлбұл Қартаңбаева әйелдер Ұлттық хоккей лигасында (NWHL) өнер көрсететін тұңғыш қазақстандық атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық жас теннисші Грузияда өткен турнирдің чемпионы атанды Толық жиынтық: Милад Карими әлем кубогінде 3-медаль жеңіп алды Футболдан Еуропа чемпионаты: Австрия Солтүстік Македонияны үшінші мәрте жеңді

Нью-Джерси штатындағы Монмут Джанкшен қаласының «Метрополитен Риветерс» клубы 26 жастағы хоккейшіні қатарына қосып алғанын жариялады.

«Менің арманым орындалды. Алдымда ашылған мүмкіндіктерге қуаныштымын. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жұлдыздармен бірге NWHL-да ойнау сәті келді», - дейді Бұлбұл NWHL ресми сайтына берген сұхбатында.

Қартаңбаеваның шеберлігіне «Риветерстің» бас менеджері де жоғары баға берді.

«Қартаңбаеваның шеберлігі, ойынға адалдығы оны жанкүйерлердің сүйікті ойыншысына, командамыздың белді мүшесіне айналдырары сөзсіз», - деді Кейт Витман Эннис.

Өткен маусымда Бұлбұл Канаданың Оңтүстік Альберта лигасында ойнайтын «Калгари Койотс» клубында 21 матчта 29 (8+21) ұпай жинап көзге түсті. Оған дейін Қазақстанда «Барыс» құрылымындағы «Томирис», Алматының «Айсұлу» командаларында өнер көрсеткен. Қазақстан құрамасында 2011 жылдан бері жүр. 5 мәрте әлемдік додаға қатысқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT