Бұландыда салынып жатқан ірі май зауыты биыл іске қосылады
2021 жылғы 29 сәуір 02:53

Бұландыда салынып жатқан ірі май зауыты биыл іске қосылады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бұланды ауданы Макинск қаласында қазіргі заманғы озық технология бойынша салынып жатқан тәулігіне 600 тонна өсімдік майын өндіретін жаңа зауытты биыл күзде іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зауыт құрылтайшысы «Бота-2015» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Василий Боревичтің айтуынша, жобаның құны 4,2 миллиард теңге. Кәсіпорын ашылса, жергілікті 80 адамды жұмыспен қамтылады. Еліміз бойынша осы тектес зауыт Алматы қаласында ғана бар. Мұндай өндіріс орындарын салу - тереңдетіле өңделген, құны жоғары өнім экспортына өтуге мүмкіндік береді.

«Зауыт құрылысын «Бота-2015» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған. Қазіргі кезде ғимараттың қабырғасы тұрғызылып, қойманың құрылыс-монтаж жұмысы, теміржол құрылысы аяқталуға жақын. Осы заманғы қондырғылармен жабдықталған зауытта майлы дақылдарды өңдеп, таяу шетел нарығына экспорттау жоспарланған. зауыт-бұл қалдықсыз өндіріс. Қалған қалдықтар жемге сатылады», - дейді Василий Боревич.

Айта кетейік, соңғы кездері өңірде қайта өңдеу өнеркәсібінің өсімі байқалуда.


Jańalyqtar

MURAǴAT