Бұландыда өрт шыққан үйден екі адамның денесі табылды

None
None
БҰЛАНДЫ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Бұланды ауданында тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өрт қаңтардың 3-де кешкі сағат 18:05 шамасында Отрадное ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған.

«Өрт 2 шаршы метр аумақты шарпыды. Үй ішінен 65 жастағы үй иесі мен 56 жастағы әйелдің мүрдесі табылды. Учаскелік полиция қызметкерінің айтуынша, екеуі де алкогольді ішімдікке әуес болған», - дейді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомстводан атап өткендей, өрттің шығуына отты қолдану кезінде қауіпсіздік ережесінің сақталмауы себеп болған. Оқиға орнына өртке қарсы қызмет шақырылмаған.


Иллюстрациялық фото: newsbel.by


Соңғы жаңалықтар