Бұландыда көпқабатты 2 тұрғын үй салынуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бұланды ауданында көпқабатты  2  тұрғын үй салынуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі жергілікті БАҚ өкілдеріне ұйымдастырған баспасөз турында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында айтылған агробизнесті дамыту, пәтер кезегіндегі тұрғандардың баспана мәселесін шешу және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға назар аударған болатын. Қазіргі кезде, аудан орталығы Макинск қаласында 4,5 мың шаршы метр аумақта жаңа 40 және 45 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Қазіргі кезде аталмыш үйлердің қазығы қағылып, құрылыс маңы қоршалды. Сонай-ақ, бетоннан іргесітасын құю жұмыстары жүргізілуде.

Бұланды аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықовтың айтуынша, аталмыш тұрғын үйлерді келер жылдың ортасында тапсыру жоспарланған.

«Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары қарқын ала бастады. Келер жылы пайдалануға берілген кезде пәтер кезегіне тұрған 85 адам баспаналы болады», - деп атап өтті Сәкен Сыздықов.

Сонымен қатар, журналистер «Журавлевка-1» ЖШС шаруасын дөңгелетіп отырған бес елді мекеннің бірі Капитоновка ауылының тыныс-тіршілігімен танысты.

«Біздің агрофирма өңірде алғашқылардың бірі болып, нақы егіншілік әдісін тәжірибеге енгізді. Егістік алқаптар 100 пайыз цифрландырылды», - дейді «Журавлевка-1» ЖШС директорының орынбасары Қайырниса Батталова.

Оның айтуынша, шаруашылықтың 38,5 мың гектар егістік жерлері бар. Бидайдан бөлек өзге де дақыдар тұқмдарын өсіруге көңіл бөлінген.  Оның ішінде 7666 гектарға майлы дақылдар, 11101 гектарға арпа, 1735 сұлы, 60 гектарға бұршақ егіледі.  Мал азығы 9 мың гектардан астам алқапта өсіріледі.

Бұл шаруашылыққа ірі қара мен жылқы тәрізді түлік түрлерін дамытуға мүмкіндік береді.  Шаруашылық меншігінде 1710 бас ірі қара (оның 571 сиыр) және 265 жылқы бар. 788 бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы да жұмыс істейді. Жалпы, кәсіпорында  435 адам еңбекпен қамтылып отыр. Олардың орташа айлығы 150 475 теңгені құрайды.null 

«Журавлевка-1» ЖШС жергілікті тұрғындар мен жас мамандардың баспана мәселесін шешуге де белсенді атсалысып келеді. Жастардың білім алған соң туған ауылына қайтып келіп, жұмыс істеуіне барлық жағдай жасауда. Ауыл мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жыл сайын қаржы бөліп тұрады. Капитоновка орта мектебінде «Нұр Отан» партиясының бастамасымен қолға алынған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда осы серіктестік қолдау білдірді. Қыркүйектің  1-нен бастап  мектепте ІТ сынып ашылып, балалар бағдарламалау, 3D модельдеу және робот құрастырудың қыр-сырын меңгеруде. Келешекте, жаңа технология мен цифрландыру бағдарламасын үйренетін болады.

«Мен 5-ші сыныпта оқимын. ІТ сыныпта «Ғарыш және күн жүйесі», «Футбол» және «Жарыс» тәрізді ойындарды құрастырдым. Маған ІТ сыныбында жұмыс істеу өте қызықты. Келешекте бағдарламашы болу туралы өзіме арман қойып отырмын», - дейді Капитоновка орта мектебінің ұстазы Станислав Ковалев.null 

Соңғы жаңалықтар