Бұланды ауданында ҰОС-да шейіт болған жауынгерлерге арналған ескерткіш орнатылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бұланды ауданының Тастыөзек аулында ҰОС-да шейіт болған жауынгерлерге арналған ескерткіш ашылды.

Ескерткіш Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясында «Жеңіс орманы» акциясы шеңберінде орнатылып отыр.

Салтанатты шараға қатысып, құттықтау сөз сөйлеген Бұланды аудандық мәслихат хатшысы Шахман Құсайынов, Отрадный орман шаруашылығы директоры Тілеуғабыл Сиқымбаев шейіт болған жауынгерлердің есімі жерлестерінің жадында мәңгі сақталғанын атап өтті.

Айта кетейік, осынау ескерткіштің орнатылуына Отрадный орман шаруашылығы өз үлесін қосты. Шаруашылық қызметкерлері мұрағат құжаттарын ақтарып, жауынгерлер жайында құнды мәліметтер жинаған. Сондай-ақ, ескерткіш маңын абаттандырып, жасыл шырша ағаштарын отырғызды.

Соңғы жаңалықтар