Бұланды ауданына жаңа әкім тағайындалды-Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің өкімімен және аудандық мәслихат депутаттары келісімінің негізінде Жомарт Жұмағалиұлы Нұркенов Бұланды ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жомарт Жұмағалиұлы 1974 жылы туған, білімі жоғары, Ақмола аграрлық университетін мал дәрігері мамандығы бойынша, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы «Константиновский» ӨК мал дәрігері болып бастады. 1998 жылғы қарашадан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Целиноград аудандық аумақтық басқармасында басшы лауазымдарды атқарды.

2002 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облыстық аумақтық басқармасының бөлім басшысы лауазымына ауысты. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облыстық аумақтық басқармасы басшысының орынбасары, басшысы лауазымдарын атқарды.

2012 жылғы ақпаннан бастап 2013 жылғы маусым аралығында Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметінде болды. 2013 жылғы маусымнан Атбасар ауданының әкімі, 2014 жылғы маусымнан - Аршалы ауданының әкімі лауазымдарын атқарды.

Соңғы жылдары Ақмола облысы әкімінің аппарат басшысы, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комиетінің төрағасы қызметтерінде болды.

Соңғы жаңалықтар