Бұл жолғы сайлау билік пен халық арасындағы сенімді көрсетті – сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сайлауды мерекеге балау – біздің тарихи мәдениетіміздің бір бөлігі. Бұл туралы Sailau Talks-2021 шарасында Этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен бірқатар мемлекетте өткен сайлауда байқаушы болдым, тәжірибем бар. Сайлау – қазақтар үшін мереке. Тіпті сәбиінің есімін Сайлау деп атайтындар бар. Сайлауға әйелдер әлі күнге дейін балаларымен бірге келеді. Соған қарағандай сайлауды мерекеге балау біздің тарихи мәдениетіміздің бір бөлігі шығар», - дейді Этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев.

Оның айтуынша, сайлау учаскесінде санитарлық талаптар толық сақталған, сол себепті сайлауға келушілердің қатары көп болған.

«Сайлау учаскесінде маска, медициналық қолғап таратылып, санитайзер орнатылуы, дене қызуын өлшеу сайлауға халықтың көп келуіне себеп болды, яғни қауіпсіздік шаралары сақталмай қалады деген қорқыныш болған жоқ. Халық сайлауға белсенді қатысты, бұл халық пен билік арасындағы сенімді білдіреді», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Sailau Talks-2021 сарапшылары өтіп жатқан сайлаудың маңыздылығы талқылайтынын жазған болатыныз.

Іс-шараны Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығы «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.


Соңғы жаңалықтар