Бұл Жолдауды іске асыру үшін Конституцияға 30-дан астам өзгеріс енгізу қажет - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін Конституцияға 30-дан астам өзгеріс енгізу қажет. Бұр туралы Мемлекет басшысының өзі айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің бүгінгі бастамаларым өте ауқымды. Бұл бастамалар еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын едәуір өзгертеді. Оны жүзеге асыру үшін Конституцияға 30-дан астам өзгеріс енгізу қажет. Сондай-ақ, жылдың соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылдау керек», - деді ол Жолдауды жариялау барысында.

Айтуынша, заң жобасын әзірлеп, оны қабылдау едәуір уақытты алатын күрделі жұмыс. «Сондықтан оған аса жауапкершілікпен қараған жөн.

«Сондай-ақ, ішкі, сыртқы сын-қатерлерді мұқият ескеруіміз керек. Біз Тәуелсіздік жылдарында небір қиындықтардан аман өттік. Сын-қатердің бәрін еңсеріп, осы күнге жеттік. Енді елімізді түбегейлі жаңғыртуға кірістік. Бұл кезең алмағайып уақытқа тұспа түс келіп отыр. Қазіргі Қазақстанға да әсер ететіні анық. Бірқ азаман қанша күрделі болса да, біз бағдарамыздан айнымаймыз. Өктеннен тағлым алып, келешекке сеніммен қадам басамыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар