Бұл теңдесі жоқ, тамаша жетістік- Президент Ержан Максимді құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Максимді Junior Eurovision ән байқауындағы жүлдесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ержан Максим беделді Junior Eurovision ән байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Бұл теңдесі жоқ, тамаша жетістік! Сені, ата-анаңды және ұстаздарыңды осындай маңызды жеңіспен құттықтаймын. Алар асуларың биік болсын! Алға!» деп жазды Президент twitter парақшасында.

Еске салсақ, Польшада өткен «Junior Eurovision-2019» ән байқауында бақ сынаған қазақстандық Ержан Максим екінші орын алғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Соңғы жаңалықтар