Бұл сайлау саяси партиялар жүйесінің қалыптасуына ықпал етеді – сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде әлеуметтік желілерді қолдана бастаған. Бұл да өте үлкен жетістік. Бұл туралы Sailau Talks-2021 шарасында саясаттанушы, Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілі Александр Данилов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы сайлаудың ерекшелігі – барлық партияға ұйымдастырушылық құрылымын өзгертіп, аймақтардағы жұмысын жандандыра түсуге зор мүмкіндік берілді. Жақында ауылдық округтерде де сайлау өтеді және біз жаңа тұлғалармен таныс боламыз. Кей партия ребрендинг жасап, мүлде басқаша сипатқа ие болғанын көріп отырмыз. Олар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде әлеуметтік желіні белсенді қолдана бастаған. Бұл да өте үлкен жетістік», - дейді саясаттанушы Александр Данилов.

Сондай-ақ, ол қазіріг уақытта концепция мен стратегия күресі болып жатқанын айтты.

«Біз Үкімет отставкаға кететінін түсінуіміз керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы айтты. Оның айтуынша, жаңа Үкімет Парламенттегі барлық фракциямен кеңескеннен кейін құрылады. Бұл мемлекет басшылары осындай қадамға баруға дайын екенін көрсетеді. Бұл ұсақ-түйек болып көрінгенмен, өте маңызды мәселе. Бұл сайлау елімізде әрекет ететін саяси партиялар жүйесінің қалыптасуына ықпал етеді деп ойлаймын», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Sailau Talks-2021 сарапшылары өтіп жатқан сайлаудың маңыздылығы талқылайтынын жазған болатыныз.

Іс-шараны Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығы «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.


Соңғы жаңалықтар