Бұл сайлау еліміздің дамуы мен демократиялық құндылықтардың нығаюы үшін өте маңызды - Ялова университетінің магистранты

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 16 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/- Түркияда ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына қатысып, дауыс берген Ялова университетінің магистр студенті Жақсылық Баймаханов:

 «Мен өзімді бақытты адамдар санатына жатқызамын. Себебі, еліміздің келешегі үшін аса маңызды талай тарихи оқиғалардың куәсі болып келемін. Бұл сайлау еліміздің дамуы мен демократиялық құндылықтардың нығаюы үшін өте маңызды»,-деген пікірін білдірді.

«Қазақстан - бейбітшілік пен тұрақтылық мекені. Сондықтан әрбір Қазақстан азаматы бұл сайлауда бір кісідей атсалысуы қажет. Меніңше әрбір отандасымыз өзінің азаматтық борышына жауапкершілікпен қарап, саяси белсенділігін арттырып, өз тандауын жасауы керек. Теңіз тамшыдан құралатыны секілді, Үкімет пен депутаттық корпуста  халықтың дауысымен сайланады. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде  елімізде өтіп жатқан ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауында  өз таңдауымды жасадым. Біздер үшін Тәуелсіздіктен асқан мұрат, бірліктен асқан қасиетті ұғым жоқ!»,- деді Түркиядағы Ялова университетінің магистранты.

Соңғы жаңалықтар