Бұл референдумда әр азаматтың дауысы - маңызды - Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әрбір азамат тұтас ұлттың тағдырына, яғни тікелей өз тағдырына оң ықпал ете алады. Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні өтетін референдумға байланысты Қазақстан халқына бейнеүндеуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы референдум мемлекетімізді нығайтуға және қоғамды тың серпінмен дамытуға жол ашады. Мен әрбір азаматымызды ел тағдырын айқындайтын тарихи таңдау жасауға шақырамын. Бұл референдумда әр азаматтың дауысы маңызды. Әрбір азамат тұтас ұлттың тағдырына, яғни тікелей өз тағдырына оң ықпал ете алады. Ендеше, 5 маусым күні өз таңдауымызды жасайық! Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге құрайық» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін түн ортасында референдумға қатысты үгіт-насихат аяқталады.

Референдумда 11 мыңнан астам қазақстандық шет мемлекеттерде дауыс береді.


Соңғы жаңалықтар