Бұл науқан Жаңа Қазақстан құру жолындағы алғашқы нақты әрі батыл қадам - Мәжіліс депутаттары

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ата Заңымызға енгізлетін өзгерістерде барша қазақстандықтардың ой-пікірі ескеріледі. Бұл туралы Ақмола облысын аралап жүрген депутаттар айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутаттар Асқарбек Үйсімбаев, Юлия Кучинская, Мәди Елубаев Бурабай ауданының Кіндікқарағай ауылындағы сүт-тауарлы фермасының еңбек ұжымымен кездесті. Халық қалаулыларының айтуынша, бұл науқан - «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы алғашқы нақты әрі батыл қадам. Өйткені, мемлекеттік құрлыстың құқықтық негізін құрайтын Ата Заңымызға енгізлетін өзгерістер халық талқысына шығарылып, барша қазақстандықтардың ой-пікірін ескере отырып, қабылданғалы отыр.

«Біз болашақ даму жолымызды бүкіл ел болып бірлесе шешкелі отрымыз. Бұл қадам ел ертеңі үшін әрбір азаматтың ой-пікірінің қаншалықты маңызды екенін, жаңа мемлекет құруда өзінің де үлес салмағы барын сезінуге мүмкіндік береді. Сондықтан ортақ ұмтылысымыздың нәтижелі болатынына еш күмән жоқ», – деді депутат Асқарбек Үйсімбаев.

Депутаттар өзгеретін 33 баптың әрқайсына тоқталып, әсіресе, Президент пен Парламент өкілеттігіндегі жаңашылдықтарға айрықша назар аударды.

Өз кезегінде, кездесуге қатысқан ферма қызметкерлері референдумды қолдайтындықтарын айтты.

«Біз Президентіміздің «Жаңа Қазақстан» құру бағытындағы барлық бастамаларын білеміз. Бүгін осы тақырып төңірегінде мазмұнды әрі әсерлі әңгіме болды. Біз шағын ұжым болсақ та референдумға атсалысып, дауыс береміз. Президентті қолдаймыз», – деді мал дәрігері Бейсенбай Ахметов.


Соңғы жаңалықтар