Бұл қиындықты да тез арада еңсеретінімізге ешқандай күмән жоқ - Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жағдайға байланысты Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде құқықтық бұзақылық актілердің жолын қатаң түрде кесілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шолақ белсенділердің кесірінен интернет бұғатталады. Нәтижесінде миллиондаған азамат пен отандық бизнес зардап шегеді.

Яғни, ішкі экономикалық, әлеуметтік және саяси тұрақтылыққа орасан зор зиянын тигізеді.

Құқықтық тәртіпті бұзуға өздерін «еркін» бұқаралық ақпарат құралдарымыз деп санайтындар мен біздің көпұлтты халқымыздың негізгі мүдделерінен алшақ «сырттағы қайраткерлер» ықпал етіп, шын мәнінде арандатушылық рөл атқарады.» - деген Мемлекет басшысы елдегі қиын кезеңді қазақстандықтар жылдам еңсеретініне сенім білдірді.

«Жауапсыз демагогтардың барлығы Қазақстанда қайғылы жағдайдың туындауына себепкер болды десек, асыра айтқанымыз емес. Біз құқықтық вандализмнің кез-келген түріне қатаң шара қолданамыз. Біздің тарихымыздағы осы бір қиындықты тез арада еңсеретінімізге ешқандай күмән жоқ. Ең бастысы, болашақта мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеу керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар