Бұл қалыпты реакция - Досаев доллардың көтерілуі жайлы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Президенттің мәлімдемесі мен ақша айырбастау пунктерінде доллардың көтерілуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл осындай маңызды жаңалыққа қарай орын алатын нарықтың қалыпты реакциясы. Валюта айырбастау орындарының бір бөлігі ақшаларын ұстап тұрды да, екінші бір бөлігі жаңа бағамды күткен еді. Сол себепті, ақша айырбасту пункттері мен екінші деңгейлі банктермен тиісті жұмысты жүргіздік. Таңертең күткеніміз - айтарлықтай төмендеді (доллар бағамы - авт.) Бүгін барлық екінші деңгейлі банктер қажетті қолма-қол валюта көлемімен қамтамасыз етілді. Бізде сонымен бірге Ұлттық банктің өз қоры бар. Таңертеңгі сауда өтті. Жалпы, теңге бағамы шамамен көтерілді», - деді Ерболат Досаев Мәжіліс залында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

- Доллардың қымбаттауы Президенттің кешегі мәлімдемесімен байланысты ма?

- Иә. Түске дейін орнына келер деген сеніміміз бар.

- Сіз Президенттің мұндай мәлімдемесін күттіңіз бе?

- Менің ойымша, біздің елде бұл мәлімдемені ешкім күткен жоқ.

- Мәлімдемені қалай қабылдадыңыз?

- Еліміздің жаңа даму кезеңі басталып келе жатыр деп қабылдадым. Мемлекет басшысы дана саясаткер ретінде өзінің стратегиялық сұңғылалығымен біздің бәрімізге саяси кемеңгерліктің үлгісін көрсетіп отыр.

- Қасымжомарт Кемелұлы туралы не айтар едіңіз?

- Қасымжомарт Кемелұлымен көптен бері жұмыс істеп келе жатырмыз. Оның мықты дипломат, білікті саясаткер, саяси жетекші екеніне ешқандй күмән жоқ. Менің ойымша, Мемлекет басшысы дұрыс қабылдады.

Соңғы жаңалықтар