Бұл да Тәуелсіздіктің бір жетістігі – Дәурен Абаев Димаштың Нью-Йорктегі концерті жайлы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Димаш пен Головкиннің табысын Қазақстан Тәуелсіздігінің жетістігіне балады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарапайым ғана факт: осыдан 10 жыл бұрын ғана Димаш пен Головкин бүкіл әлемде – Нью-Йоркте немесе Лондонда, Токиода стадион жинай алады дегенді елестете де алмайтын едік. Бұл – біздің Тәуелсіздіктің жетістіктерінің бірі», - деді Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті үлкен аншлагпен өткенін, Barсlays center аренасы қазақ әншісін сүйіп тыңдайтын жұртшылыққа лық толы болғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар