Бұл бұрынғы Головкин емес - GGG бұрынғы промоутері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрын қазақстандық боксшы, орта салмақта WBA/WBC/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері болған Golden Gloves компаниясының басшысы Родни Берман оның Сауль Альваресті жеңуіне күмәнмен қарайды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Головкин - мен карьерамның соңғы 40 жылында кездестірген ең жақсы адам. Онымен Том Леффлер жұмыс істеп жатыр, ол да нағыз джентельмен, мен қашанда онымен ынтымақтастық жасауға қуаныштымын. Мен Головкинді бірге жұмыс істеген үздік боксшым деп айта аламын.

Головкин алдағы жекпе-жегінде жеңіске жетсе екен деймін, бірақ мен бес-алты жыл бұрын Монте-Карлода көрген GGG мен соңғы жекпе-жегін салыстырсақ, арада өткен жылдардың әсері байқалады, оны мойындау керек. Өкінішке қарай, меніңше, «Канело» ұпай санымен жеңіп кетуі немесе соңғы раундтарда Геннадийді тоқтатуы мүмкін», - дейді Берман Worldboxingnews.net-ке берген сұхбатында.

 

Соңғы жаңалықтар