Бұл біздің тәжірибе – Георгий Кан «Ресей халқы ассамблеясының» құрылуы жайлы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресей президенті Владимир Путиннің «Ресей халқы ассамблеясын» мемлекеттік-қоғамдық ұйым ретінде құру туралы жарлығы –Қазақстанның тәжірибесіне негізделіп отыр. Профессор, тарих ғылымдарының докторы, Алматыдағы кәріс ұлттық орталығы төрағасының орынбасары Георгий Кан осылай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлбетте Қазақстан халқы ассамблеясы белгілі бір дәрежеде өз рөлін атқарды. Ол шиелініс кезінде адамдарды тыныштандырып, ұлттық саясатты институционалдық дәрежеге жеткізді. Бұл ретте мен Ресей президенті Владимир Путиннің «Ресей халқы ассамблеясын» мемлекеттік-қоғамдық ұйым ретінде құру туралы жарлыққа қол қойғанын ерекше қызығушылықпен қабылдадым. Бұл – біздің тәжірибе. Біз ол жақта Ресей халқы ассамблеясы болғанын бұрыннан білеміз. Бірақ осы жолғы дәреже мүлде бөлек. Ресей Федерациясы да ұлтаралық қарым-қатынасты реттеуде мемлекеттік-қоғамдық ұйымның рөлін күшейту жолын таңдады. Менің ойымша, бұл – жарқын мысал», - деді Георгий Кан ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Еске сала кетсек елордада бүгін «ҚР Тұңғыш Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірлік пен келісімді нығайту жөніндегі саясаты» тақырыбында ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өткен болатын.


Соңғы жаңалықтар