Бұл ауруды жеңіп шығыңыз - Бибігүл Төлегенованың Елбасына ізгі тілегі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ізгі тілегін жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің коронавирус жұқтырғаныңызды естігеннен кейін уайымдап отырмыз. Сіз осылай ашық жүргеніңізде «неге ошауланбайды, неге бір топ адаммен отырады?» деп ойлаушы едім. Сізге тілейтінім: осы ауруды жеңіп шығыңыз. Нұреке, тез жазылыңыз. Деніңіз сау, өміріңіз ұзақ болсын! Мұндай ауру ешкімге жақын келмесін!» - деп тілегін білдіреді қазақтың бұлбұл әншісі видеожолдауында.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президентінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.


Фото: zhalagash-zharshysy.kz

Соңғы жаңалықтар