Бұқтырманың демалыс орындарына қаржы бөлінбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұқтырма су қоймасы жағасындағы демалыс аумағына қаржы құйылады. Зырян ауданына жасаған жұмыс сапарында Даниал Ахметов жергілікті кəсіпкерлерге мастер-жоспар əзірлеп ұсынуды тапсырды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Несиелік қаржы 15-20 жылға берілмек. Қазіргі кезде демалыс аумағында бір жазда 400 мыңнан астам адам демалған.

«Туризмді дамыту керек. Инфрақұрылымды біз жасап береміз. Ал кəсіпкерлер заманға сай демалыс орындарын салсын, сапалы қызмет ұсынсын», -  деді облыс əкімі.

Қазірдің өзінде Семей əуежайы жөнделген, енді Өскеменнің, сосын Үржардың əуе айлақтары қалыпқа келтірілмек. Бұл келушілер ағынын арттыруға, қызмет сапасын жақсартуға септеседі.

Сондай-ақ, инфрақұрылымды өркендету саласында Өскемен мен Семейге су жаңа 255 автобус сатылып алынады, оларда электронды билеттеу жүйесі қолданылмақ.

Соңғы жаңалықтар