Бұқтырмадағы көпір құрылысында 209 адам екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасындағы көпір құрылысында 200-ден астам адам екі ауысыммен жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент тапсырмасымен Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім мен Самар аудандарын жалғайтын «Қызыл ту» өткелінде көпір құрылысы жүргізіліп жатыр.

Көпір Бұқтырма су қоймасының ені ең тар учаскесіндегі Құйған ауылының тұсынан өтетін болады.

ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта сол жерде 200-ден астам адам екі ауысыммен жұмыс істеуде.

«Оның ішінде 142 тұрақты, 67 жалдамалы жұмысшы бар. Оларға арнап 250 орындық жатақхана салынған. Көпір құрылысы аяқталғаннан кейін екі жағалаудан да кіреберіс жол салынады», - делінген ақпаратта.

Көпірдің жалпы ұзындығы - 1,3 шақырым. Бұл Қазақстандағы ең ұзын көпір болады.

Көпір тәулігіне 20 мыңнан астам көлікті өткізеді деп болжанып отыр.


Соңғы жаңалықтар