Бұқтырмадағы көпір құрылысы қалай жүріп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Шығыс Қазақстандағы Күршім мен Көкпекті аудандарын жалғайтын «Қызыл ту» өткеліне көпір салынатыны белгілі.

Негізгі көпірді салуға қажетті уақытша көпірдің құрылысы да қолға алынған.

«Бүгінде уақытша көпірдің судағы 124 метріне темір тіреулер қағылып, үсті бетон конструкциямен жабылды. Суға жасанды аралдар жасалып, ауыр техниалардың жүруіне жолдар салынуда. Екі жолақты автокөлік көпірінің ұзындығы – 1316 метр, ені – 12,2 метр болады деп жоспарланған», - деп хабарлады Күршім ауданының әкімдігі.

Көпір Бұқтырма су қоймасының ені ең тар учаскесіндегі Құйған ауылының тұсынан өтеді.

Бүгінгі таңда айналма жол, геодезиялық және электр желілерін тарту бойынша дайындық жұмыстары аяқталған.

Желтоқсан айынан бастап уақытша көпір мен негізгі көпірдің құрылысы бірге жүргізілуде.

Сол жерде вахталық әдіспен 50 адам еңбек етеді.

Жұмысшылар үшін 250 орынды жатақхана қалашығы салынды.


Соңғы жаңалықтар