Бұқтырмада суға кеткен үш жасөспірімнің мүрдесі табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Көкпекті ауданының Қаракөл ауылының жанындағы Бұқтырма су қоймасында 9,15 және 17 жастағы үш жасөспірім суға кетті. Алдын ала болжам бойынша, ұл балалардың ажалына қайықтың аударылуы себеп болды.

Бес құтқарушы оларды өткен жексенбіде күні бойы іздеген. Ал бүгін таңертең Палатцын ауылдық округінің әкімінен сағат таңғы жетіде суға кеткен балалардың мүрделері су бетіне шыққаны, оларды жергілікті тұрғындар шығарғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлады ШҚО ТЖД-нен.

Осы арада, бір күн бұрын Бұқтырма су қоймасына суға шомылған Ресейдің 24 жастағы азаматы батып кеткен. Жас жігіт «Барок» демалыс базасында уақыт өткізген. Оның мәйітін екі сағаттан кейін Бұқтырма су-құтқару қызметінің құтқарушылары тапты, деп хабарлады ТЖ департаментінен.

Соңғы жаңалықтар