Бұқтырмада салынып жатқан Қазақстандағы ең ұзын көпірдің 22 тіреуі болады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында салынып жатқан Қазақстандағы ең ұзын көпірдің 22 тіреуі болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Күршім мен Көкпекті аудандарын жалғайтын «Қызыл ту» өткелінде көпір құрылысы жүріп жатыр.

«Негізгі көпірдің құрылысын жүргізу үшін ұзындығы 300 метрге жететін уақытша көпір салынды. Қарсы жағалауда мердігерлер жол төсеп, құрылыс материалдарын әкеліп жатыр. Көпірде барлығы 22 тіреу болады. Бүгінде оның 18-інде жұмыс қызған», - дейді басқарма басшысы Нұрбек Тұраров.

Оның айтуынша, құрылысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен мамандар тартылған. Биыл республикалық бюджеттен қосымша 5 млн теңге бөлінді. Бүкіл жұмыс кестеге сай жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Бұқтырмадағы көпір құрылысына 50 адам тартылғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар