Бұқтырмада 200 келіге жуық балық аулаған браконьер ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында заңсыз балық аулаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО «Зайсан-Ертіс» облысаралық бассейндік балық инспекциясының мәліметіне сүйенсек, 8 ақпанда Бұқтырма су қоймасында заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды.

Инспекция мамандары ер адамнан 100 метр ау мен жалпы салмағы 178 келі балықты тәркіледі.

«Осының салдарынан мемлекетке 1 млн теңгеге жуық материалдық залал келтірілген. Қылмыстық іс қозғау үшін материалдар мен заттай дәлелдемелер Көкпекті аудандық полиция бөліміне жіберілді», - делінген ақпаратта.

Браконьер ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабына (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз аулағаны үшін) сәйкес 3 мың АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелуге немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



Соңғы жаңалықтар