Бұқтырма су қоймасына батып бара жатқан ер адам құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасына батып бара жатқан ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасына 40 жастағы азамат батып кете жаздаған.

«Белгілі болғандай, ер адам матраспен жағадан алысқа жүзіп кеткен балаға көмектеспек болды. Кенеттен ол суға бата бастады. Мұны байқаған куәгерлер көмекке ұмтылып, оны судан алып шыққан», - делінген ақпаратта.

Алайда азамат жағада өзін жайсыз сезінді. Сол кезде оған құтқарушы Нұржан Жолжақсынов алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта ер адам аман-есен.


Соңғы жаңалықтар