Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы қалай жүргізілуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Шығыс Қазақстандағы Күршім мен Көкпекті аудандарын жалғайтын «Қызыл ту» өткеліне көпір салынатыны белгілі. Биыл осы мақсатта облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінген болатын.

«Көпір құрылысы бойынша өткен конкурстың жеңімпазы атанған «ОблШығысЖол» ЖШС бүгінгі таңда айналма жол, геодезиялық және электр желілерін тарту бойынша жұмыстар жүргізуде. Ендігі кезекте техникалық жол салынып жатыр. Аталған жұмыстарға қажетті арнайы техникалар базасы ұйымдастырылып, көпір құрылысына тартылатын жұмысшыларға 250 орындық жатақхана қалашығы салынбақ», - деді Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов.

Оның айтуынша, Қазақстандағы ең ұзын көпір болып есептелетін бұл нысанның құрылысына жергілікті жұмыс күші де көптеп тартылады.

«Қазақ тағылымында көпір салу қасиетті іс екенін ескерсек, осы жобаның игілігін көретін күн де алыс емес. Көпір құрылысын салу бойынша жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес атқарылатын болады», - деді Дулат Қажанов.



Соңғы жаңалықтар