+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Бұқтырма қоймасында екі көлік мұз астына түсіп кетті

2020 жылғы 17 ақпан 16:54
Бөлісіңіз:
Бұқтырма қоймасында екі көлік мұз астына түсіп кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасында мұз ойылып, екі көлік суға батты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Президент тапсырмасы: Бұқтырмаға көпір салу жұмысы қалай жүргізіліп жатыр

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 ақпанда «Isuzu» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі «Қызыл ту» өткеліндегі шектеуге қарамастан Бұқтырмай су қоймасында мұз үстімен жүрген. Соның салдарынан мұз жарылып, көлік суға батып кеткен. 15 ақпан күні болған екінші оқиғада «УАЗ» маркалы автокөлік мұз астында қалған. Абырой болғанда, екі жағдайда да зардап шеккен ешкім жоқ.

«Көлік ішінде болғандар сыртқа шығып үлгеріп, құтқарушыларға хабарласқан. Алайда біздің мамандар адам өміріне қауіп төнген сәтте ғана көмек көрсетеді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Күршім ауданындағы Қызыл ту өткеліне 1 300 метрлік көпір салынатындығын хабарлаған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT