Букмекерлік кеңсені тонаған күдікті ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы букмекерлік кеңсеге жасалған қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шабуыл жасалған сəт ғимарат ішіндегі камералардың біріне жазылып қалған.

Бейнекадрда бетперде киген белгісіз ер адамның офиске жүгіріп кіріп, оқ атқаны байқалады. Оқ қабырғаға тиген. Қорыққан кассир қыз үстел астына тығылып қалған. Қарақшы қызметкерге оқ атпай, кассадағы барлық ақшаны алып, қашып кеткен.

Белгілі болғандай, Алматы облысының тумасы бұрын да осындай қылмыс үшін істі болған.

«Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен Алматы облысының тумасы ұсталды. Ол бұрын да осындай қылмыс жасағаны үшін істі болған. Аталған дерек бойынша Алмалы ауданы ІІБ сотқа дейінгі тергеу ісі тізіліміне тіркелді»,- деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Əзірбек.

Соңғы жаңалықтар