Бүкіләлемдік банк Қазақстанның адам капиталын есептеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Бүкіләлемдік банк өкілдері Қазақстанның адам капиталын есептеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Банк өкілдерінің талдауына сәйкес, Қазақстанның көрсеткіші  Орталық Азиядағы көптеген елдердің көрсеткішінен жоғары болған.

«2012-2017 жылдар аралығында Қазақстандағы адам капиталы индексі 0,63%-дан 0,75%-ға артты. Бұл Қазақстанның білім беру мен денсаулық сақтау  саласына салынған инвестицияның артуына байланысты болған. Бір жағынан 0,75% дегеніміз Қазақстан болашақта табысының 25 %-нан айрылады дегенді білдіреді», - деді Бүкіләлемдік банктің Орталық Азиядағы адам капиталы бойынша бағдарламасының жетекшісі Сусанна Айрапетян.

0,75 % дегеніміз қазір туған баланың кәмелеттік жасқа жеткен соң еңбек өнімділігі 75 % болады. Ал егер бала толық білім алып, денсаулығы өте жақсы болса, оның еңбек өнімділігі 100 % болар еді.

«Қазақстанда 5 жасқа дейінгі баланың тірі қалу мүмкіндігі 99% шамасында. Басқаша айтқанда, БҰҰ статистикасына сүйенсек, 100 баланың 99-ы тірі қалады. Қазақстанда 4 жастағы бала оқуды бастаса, 18 жасына таман орта білім алып шығады. Қазақстандық оқушылардың білімі арнайы шкала бойынша 537 бал болып отыр. Әлемде ең үздік білім беру жүйесінің балы 625 болса, ең төмені 300 бал», - деді Сусанна Айрапетян.

Сонымен қатар, әлемде қайсы болмасын елдің  адами капиталының молдығы ересектерінің өмір сүру ұзақтығымен бағаланады.

Қазақстан бойынша 15 жастағы балалардың 80 %-ы ғана 60 жасқа жетеді.

Ал 100 баланың 92-сінің дамуында мін жоқ болса, 8 баланың мүмкіндігі шектеулі болып қалуы ықтимал.

«Бүгінде Қазақстан білім беру саласына салатын қаржысы ЖІӨ 3,6% -ын құрайды. Бұл аса жоғары көрсеткіш емес. ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 3-4 есе жоғары. Қазақстанның орталығында берілетін білімнің шалғайда берілетін білімінен айырмашылығы көп.  Қазақстан үшін бұл аса жоғары міндет. Осы көрсеткішті теңестіру. Өйткені мектептерінің 4/3-і өңірлерде орналасқан»,- деді банк өкілі.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажет деген міндет қойған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар