Бүкіләлемдік банк: Қазақстан Doing business рейтингінде қалай көтерілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік банк өкілдері Қазақстанның Doing business рейтингінде қалайша 8 сатыға көтерілгенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан былтырғымен салыстырғанда биыл аталған рейтингте 36-орыннан 28-ші орынға көтерілді.

Бұл рейтингті жасайтын Бүкіләлемдік банк өкілдері бүгін Алматыда видеоконференция барысында Қазақстанның 8 сатыға көтерілу себептерін түсіндірді.

Банктің ғаламдық көрсеткіштер мен талдау департаментінің сарапшысы Парвина Рахимованың айтуынша, Қазақстан үкіметі 2017-2018 жылдардағы бизнесті жүргізуді жеңілдету мақсатында қосымша құн салығын төлеуші кәсіпкер ретінде тіркелу уақытын 9 күннен 5 күнге қысқартқан.

Халықаралық сауда саласында «Астана-1» кеден декларациясының электронды жүйесі енгізілді. Бұл өз кезегінде экспорт кеден құжаттарының  рәсімделуінің уақытын азайтты.

Сонымен қатар, сот өндірісі жүйес сапасының индексі 14-тен 16-ға артты.

«Қазақстанның рейтингі 10 индикатор миноритарлық инвесторларды қорғау (1-орын), меншікті тіркеу (18-орын),  кәсіпорынды тіркеу (36-орын) бойынша алға жылжыды. Келсімшарттардың орындалуы саласында (4-орын),  құрылысқа рұқсат алу (35-орын), салық салу (56-орын), электр жүйесіне қосылу (76-орын), халықаралық сауда (103-орын), несие алу (60-орын) саласында орташа көрсеткіштер қалыптасты. Қазақстанға әлі де несие алу, халықаралық сауда, төлем қабілеттілігін талап ету тағы басқа салалар бойынша позициясын жақсарту үшін көп жұмыс жасау керек», - деді Парвина Рахимова.

Аталған рейтинг елдегі бизнес субьектілерінің сауалнамасының нәтижесінде жасалады.

Олар айтқан ақпарат қосымша тексеріледі. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың берген мәліметтерімен салыстырылады.

Соңғы жаңалықтар