+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Бүкіләлемдік әскери ойындарда қазақстандықтар екі қола медаль жеңіп алды

2019 жылғы 24 қазан 11:16
Бөлісіңіз:
Бүкіләлемдік әскери ойындарда қазақстандықтар екі қола медаль жеңіп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ухань қаласында өтіп жатқан VII Бүкіләлемдік әскери ойындарда Қазақстан Қарулы Күштерінің қоржыны екі қола медальмен толықты. Грек-рим күресінен армия спортшылары жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қорғаныс министрлігінің офицерлері Аягөз гарнизонының басшылығына әдістемелік көмек көрсетті Қарулы күштер әскери барлаушылар күнін атап өтті ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері Көкшетау гарнизонына барды

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жарыста ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы Айдос Сұлтанғали үшінші орынды иеленді. Ол Үндістан палуаны, 2019 жылғы Азия Чемпионатының қола жүлдегері Гьянендера Дахияны 6:3 есебімен жеңді.

76 келіге дейінгі салмақта армия спортшысы Гүлмарал Еркебаева Литва чемпионы Грета Стэпонитені 10:0 есебімен жеңіп, ел қоржынына екінші «қоланы» әкелді.

Бес күндік жарыс қорытындысымен медаль саны жағынан ойын қожайыны – Қытай көш бастап тұр. Қазақстан құрамасының қоржынында – бір алтын, бір күміс және үш қола бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT