+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Бүкіл әлем аумалы-төкпелі оқиғалардың жаңа толқынының алдында тұр - ҚР Президенті

2020 жылғы 23 қыркүйек 20:09
Бөлісіңіз:
Бүкіл әлем аумалы-төкпелі оқиғалардың жаңа толқынының алдында тұр - ҚР Президенті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүкіл әлем аумалы-төкпелі оқиғалардың жаңа толқынының алдында тұр. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Біз биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығын аумалы-төкпелі әрі күрделі сын-қатерлерге толы кезеңде атап өтіп отырмыз. Оның ішінде ең бастысы – COVID-19 пандемиясы. Бұл індет жаһандық экономикаға орасан зор зиянын тигізді және соның ауыртпалылығынан әлем халқы зардап шегуде. Адамзат тарихындағы осындай нәубетке қарсы тұрып, бізді ауыр індеттен қорғау үшін алғы шепте болған дәрігерлерге барша отандастарымның атынан шынайы ризашылығымды білдіремін. Әлемдегі қазіргі төтенше жағдай денсаулық сақтау жүйесінің бұзылуына, сондай-ақ гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық күйзеліске алып келді. Бұл – біздің беріктігіміз үшін зор сынақ. COVID-19 біздің жіберген қателіктеріміз бен ағаттықтарымызды анық көрсетті»,- деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті дағдарысқа қарсы күрес барысында халықаралық ынтымақтастыққа кері әсер еткен сауда протекционизмі мен саяси ұлтшылдықтың артқанын, сондай-ақ «жаһандық тоқыраудың» күшейе түскенін байқағанымызды баса айтты.

«Бүгінде бүкіл әлем аумалы-төкпелі оқиғалардың жаңа толқынының алдында тұр. Оның салдары өте ауыр болуы мүмкін. Өзара сенімнің жетіспеуі, халықаралық бәсекелестіктегі түсініспеушілік, сауда соғыстары мен санкциялар орнықты дамудың келешегіне нұқсан келтіріп, миллиардтаған адамның жарқын әлемге деген үмітін үзді»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT