Бұқашықтар мен қошқарларды экспортқа шығаруға квота енгізілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес, 2022 жылғы 31 желтоқсаннан бастап, Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларын шетелге экспорттаудың жаңа ережелері күшіне енді.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа ережелерге сәйкес келесі сандық шектеулер енгізілді:

- Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріне (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0102) 60 000 бастан аспайтын бұқашықты шығаруға;

- Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО мемлекеттеріне (тауар номенклатурасының коды 0104) 120 000 бастан аспайтын қошқарды шығаруға рұқсат.

Бұйрыққа сәйкес квоталар тек 12 айдан асқан бұқалар мен 6 айдан асқан қошқарларға белгіленеді, сондай-ақ аналық малға қолданылмайды.

ІҚМ бойынша бір бордақылау алаңына 500, бір тауар өндірушіге 200 бас, ал ұсақ мал бойынша бір бордақылау алаңына 1000, бір тауар өндірушіге 500 мал басына квота алуына рұқсат.

«Бүгінгі таңда экспортқа бағытталған 602 бас ірі қара мал карантинге қойылды»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар