Бұқаралық спортты дамыту: Маңғыстаудағы ауылда спорт кешені салынып жатыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Түпқараған ауданына қарасты Баутин ауылында спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, спорт кешені «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жергілікті бюджет қаражатына салынуда. Сыйымдылығы 100 орынға шақталған спорт кешенінің құрылыс жұмысы сәуір айында басталды. Кешен 2022 жылдың І тоқсанында пайдалануға беріледі.

«Баутин ауылы мен Аташ елді мекеніне ортақ спорт кешенін мердігер «Оңдасын Құрылыс» ЖШС қолға алды. Онда 10 спорт түрі бойынша үйірмелер жұмыс жасайды. Дегенмен оның санын 20-ға жеткізу жоспарлануда. Үйірме қатарында футбол, волейбол, баскетбол, дзюдо, қазақша күрес, бокс, қол күресі, бес тас, асық ату, тоғызқұмалақ ойындары бар. Ауыл жастары тегін жаттыға алады. Бұл тұрғындар үшін үлкен қуаныш болары сөзсіз»,- деді Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғалиева.


Соңғы жаңалықтар