01.06.2023 21:39 Астанада SOS балалар ауылында заманауи скейт алаңы салынады АСТАНА. ҚазАқпарат - Балаларды қорғау күніне орай қазақстандық скейтбординг федерациясының бастамасымен Астанада «SOS балалар ауылында» толық жабдықталған және заманауи скейтборд алаңының құрылысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
21.05.2023 19:23 Елордада өткен Astana Half 2023 марафонына алыс-жақын шетелден 2 мыңға жуық адам қатысты АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада өткен жартылай марафонға екі мыңға жуық адам қатысты. Жарысқа қатысу үшін Астанаға Ұлыбритания, Нидерланд, АҚШ, Польша, Ресей, Украина елдерінің және Қазақстанның 30-дан астам қаласының тұрғындары келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
18.05.2023 23:44 Семейде Abai Marathon өтеді СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - 23 шілде күні Семей қаласында «Абай Марафон» жеңіл атлетикалық жарысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ әкімдігіне сілтеме жасап.
12.05.2023 18:32 63 жастағы жетісулық веломарафоншы 1 250 шақырымды бағындырып, Түркістанға келді ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - 63 жастағы жетісулық веломарафоншы 1250 шақырымды бағындырып, Түркістанға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.05.2023 03:35 БҚО-да жартылай марафонның жеңімпаздары анықталды ОРАЛ. ҚазАқпарат – Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында алғаш рет «SYRYM HALF MARATHON» жарысы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.04.2023 13:36 Спортшылары жүлделі орын алған бапкерлерге ынталандыру төлемақысы төленеді АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Бұл жайында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15.04.2023 15:05 Астанада үстел теннисінен турнирдің жүлдегерлері анықталды АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Президент Іс Басқармасының және ведомстволары мен ведомстволық қарасты ұйымдарының қызметкерлері арасында өткен үстел теннисінен турнир мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.04.2023 12:46 Президент Іс Басқармасы ведомстволары арасында үстел теннисінен турнир өтіп жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін елордада Президент Іс Басқармасының ведомстволық ұйымдарының қызметкерлері арасында үстел теннисінен турнир басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.03.2023 18:56 Адамның жанары жайнап тұрса, ғұмыры ұзақ болады - 71 жастағы желаяқ ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Жетпіс бір жасында желдей ескен желаяқ ата. Қарағанды облысында 93 марафонға қатысып, Қазақстанның есімін әйгілі етіп жүрген қария тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.02.2023 22:00 Тartyl Fest: Финалистердің турнирге дайындығы қалай АСТАНА. ҚазАқпарат – Ертең Тartyl Fest турникке тартылудан республикалық турнирінің гранд-финалы өтеді. Әрине, сайыстан бір күн бұрын салмақ өлшеу рәсімі ұйымдастырылады. Оның барысында өнер көрсететін қатысушылар жас ерекшелігі мен салмақ дәрежесі бойынша іріктеледі. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі ең ауқымды тартысты бәсекеге дайындық қалай өтіп жатқанын біліп қайтты.
15.02.2023 22:23 Алматыдағы әл-Фараби даңғылының бір бөлігі жабылады АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 19 ақпанда жыл сайынғы «Winter Run 2023» қысқы жарысы өтеді. Осыған байланысты сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін жүгіру жарысы өтетін жерлерде қозғалыс ішінара жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.02.2023 16:11 Турник менің сенімді серігіме айналды - Tartyl Fest түркістандық финалисі ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – «Tartyl Fest» фестивалінің республикалық кезеңіне Түркістаннан 31 жастағы Ерболат Бимурзаев қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.02.2023 15:21 Дмитрий Саурмилих: Tartyl Fest гранд-финалында ұлым менен жүлде күтеді КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақпанның 18-де Астанада өтетін «Tartyl Fest» республикалық турнирінің гранд-финалына қатысатын 170 спортшының арасында Дмитрий Саурмилих те бар. Ол - «Tartyl Fest» турнирінің Көкшетаудағы жеңімпазы. ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген спортшы осы жарысқа дайындығы мен алдағы жоспары туралы тарқатып айтып берді.
05.02.2023 10:00 Tartyl Fest: Ақтөбелік спортшы финалда жеңіске жетсе, анасына көлік сыйламақ АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Tartyl Fest фестивалінің республикалық кезеңіне Ақтөбеден алты спортшы қатысады. Оның бірі - Қанат Бекбауов. Мұғалжар ауданы Ембі қаласында тұратын спортшы қазір дайындықты күшейткен. Жеңіске жетсе, анасына көлік сыйламақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.02.2023 18:52 Tartyl Fest финалисі: Балаларға дене шынықтырудан сабақ бергім келеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтыр басталған Tartyl Fest республикалық турнирінің қатысушылары арасында түрлі сала маман иелері бар. Соның бірі - шымкенттік Жандос Тұрғынбаев. Мамандығы бойынша дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Бірақ, жұмыс істемеген, енді меңгерген кәсібі бойынша еңбек етуді жоспарлап отыр. ҚазАқпарат тілшісі әуесқой спортшыны әңгімеге тартқан еді.
04.02.2023 11:36 Tartyl Fest турнирінің Оралдағы жеңімпазы: Сүйгенімді жаттығу кезінде таптым АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада 18 ақпан күні «Tartyl Fest» республикалық турнирінің гранд-финалы өтеді. Оған өңірлердегі іріктеу жарысында үздік шыққан 170 спортшы қатысады. Соның бірі – оралдық Юрий Кичатов осынау үлкен дода қарсаңында ҚазАқпарат тілшісінің сауалдарына жауап берді.
30.01.2023 11:25 Балалар спортын дамытуға не кедергі – Қазақстан спортшылар одағы түсіндірді АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде балалар мен жасөспірімдер арасында жаппай және кәсіби спортты ілгерілетуде қандай проблемалар бар? Қазақстан спортшылар одағының төрағасы Азамат Қарлығашев Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында аталған мәселені көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.12.2022 13:23 Алматыда тегін мұз айдындары ашылды АЛМАТЫ. Қазақпарат- Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін төрт жерде тегін мұз айдыны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.12.2022 14:05 Балалар жылы Қызылордада 80 спорт және ойын алаңы ашылған ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Балалар жылы әр өңірде әртүрлі аталып, өңір әкімдері түрлі нысандар табыс етуде. Қызылордада балалардың игілігіне бір мезетте 80 спорт-ойын алаңы тарту етілген. Бұл туралы «Бетпе-бет» бағдарламасында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.
19.12.2022 14:56 2023 жылы Студенттік лига спорттың қай түрлерінен өтеді АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылы Студенттік лига спорттың бірнеше түрінен өткізіледі. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.