Бұқар жыраудың 350 жылдығы: Қарағандыда республикалық мүшәйра өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 қыркүйек күні Қарағандыдағы «Шалқыма» концерт залында Бұқар жыраудың 350 жылдығы мен Астананың 20 жылдығына арналған «Өлең - сөздің данасы» атты республикалық мүшәйра өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мүшәйраның мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тіл мәдениетін көтеру, Бұқар жыраудың әдеби мұрасын және тарихтағы елеулі орнын насихаттау, ақын-жыраулардың шығармашылығына қолдау көрсету арқылы жыраулық поэзияның дамуына ықпал ету. Мүшәйраны Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырды.

Жыр бәйгесіне 16-35 жас аралығындағы үміткерлердің жыраулық поэзия үлгісінде жазылған шығармалары қабылданды. Қатысушылар тарапынан Бұқар жырауға арналған өлеңдермен қатар Елордамыз - Астананың 20 жылдығы және қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді толғаған туындылар ұсынылды. Байқауға республиканың 11 өңірінен және аталған облыстан барлығы 50 үміткерден өтінім келіп түсті.

Соның ішінен қазылардың қатал елегінен екшеліп, Астана қаласы, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарынан таңдаулы 17 жүйрік жүлдеге таласады.

Мүшәйраның жеңімпазы және жүлдегерлер дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Бас жүлде - 500 000 теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар