Бұқар жырау ауданында жоғалған балалар табылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Қушоқы кентінде 50-ден астам адам жоғалып кеткен екі баланы түнімен іздеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7 қазан кешкі 19.00-де «112» пультіне Қушоқы кентінде 12 және 13 жастағы екі ұлдың жоғалып кеткені туралы хабар келіп түскен. Балалардың туыстарының айтуынша, екі ұл малға кетіп, қайтып оралмаған.

Іздестіру-құтқару жұмысына Қарағанды облысы ТЖ департаментінің 21 қызметкері, 2 кинологиялық топ, 4 техника, сондай-ақ полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты. Балалар баруы мүмкін барлық орын қаралды.


«Балаларды іздеу тобы 8 қазанда таңертең сағат 10: 25-те Қушоқы кентіндегі қараусыз қалған үйден тауып алған. Табылған екі жасөспірім ата-аналарына табысталды. Оларға медициналық көмекті қажет болмады», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар