Бүгіннен бастап Павлодардағы блокпостардан кіріп-шығу тәртібі өзгерді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап Павлодардағы блокпостардан кіріп-шығу тәртібі өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, қаладағы блокпостар жолаушыларды pvlinfo.kz сайты арқылы тексеріп өткізе бастады.

Бұған дейін блокспостар жұмыс орнынан алған анықтамалар арқылы өткізіп келген болатын.

Айта кетсек, кеше Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері «Шектеулі карантиндік шаралар туралы» қаулыға өзгерістер енгізілді.

Қаулыға сәйкес, қаладағы азық-түлік дүкендердің жұмыс уақыты өзгерді.

Бүгіннен бастап күшіне енген қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.


Соңғы жаңалықтар