Бүгіннен бастап Көкшетаудан Алматыға 8990 мың теңгеге ұшып баруға болады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Бүгіннен бастап Көкшетауға Алматыдан ұшақтар қатынайтын болды.

Алғашқы рейсті Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов, Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов, әуежай әкімшілігі мен журналистер қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа әуе рейсі өңірге туристер ағынын арттыруға мүмкіндік береді», - деді Қанат Ыдырысов.

Аймақ басшысы орынбасарының мәліметінше, бүгіннен бастап, «FlyArystan» әуе компаниясының ұшақтары Көкшетаудан Алматыға аптасына үш рет (сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері) қатынайды. Жаз айларында рейстер санын арттыру жоспарда бар. Сонымен қатар, «Көкшетау – Қарағанды» бағытында әуе рейстерін ашу (билет бағасы 4990) жоспарланып отыр.

Биылғы жылы «Көкшетау-Ақтөбе» рейстерін іске қосу жоспарланған. Рейстер қазіргі замаңғы «Airbus A320» ұшақтары арқылы жүзеге асырылатын болады. Ең арзан билет таңғы рейсте 8990 теңге тұрады.


Соңғы жаңалықтар