Бүгіннен бастап Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда төтенше жағдай режимі және коменданттық сағаттың аяқталуына байланысты 19 қаңтардан бастап Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмысын жүргізеді»,- делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елдегі қиын жағдайға байланысты төтенше жағдай жарияланып, түнгі сағат 23:00-ден таңғы 7:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген болатын.


Соңғы жаңалықтар