+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

«Бүгінгі жас - ертеңгі ел тірегі» форумы 100-ге жуық жеткіншектің басын қосты

2019 жылғы 20 қыркүйек 19:24
Бөлісіңіз:
«Бүгінгі жас - ертеңгі ел тірегі» форумы 100-ге жуық жеткіншектің басын қосты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында балалар мен жасөспірімдер және еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған «Бүгінгі жас - ертеңгі ел тірегі» атты форум өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әлемде 150 миллион баланың дамуында кешеуіл бар – ЮНИСЕФ Қазақстанда кәмелетке толмағандарды еңбекке заңсыз тартудың фактілері анықталды Бурабайда «Менің Отаным – Қазақстан» республикалық слеті өтті

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуға бағытталған іс шараларды өткізу» әлеуметтік жобасы аясында Зеренді ауданындағы «Aurora Garden» демалыс орнында облыстық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен жастар форумы өтті. Оған облыстың әр өңірінен 100-ге жуық бала мен жасөспірім қатысты. Республикалық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Сәдуақасованың айтуынша, форумға әр ауданнан 3-5 оқушы таңдап алынған.

«Форум аясында «Көшбасшы қасиетін дамыту» тренингі, «Мен жеңімпазбын!» атты көңілді спорттық жарыс, «Үздік көшбасшы» байқауы өткен. Байқау қорытындысы бойынша облыстық дарынды балаларға арналған №3 мектеп интернатының оқушысы Аян Жаңабеков - бірінші, Целиноград ауданынан келген Амир Махмет - екінші, Астрахан ауданынан келген Дильназ Момышева - үшінші орын иеленді.

«Жігерлі көшбасшы» аталымы бойынша көкшетаулық Лаура Файзулла, «Өжет көшбасшы» аталымы бойынша Жақсы ауданынан келген Әлия Әшім, «Көрермен көзайымы» аталымы бойынша бурабайлық Мерей Айтмағамбетов пен атбасарлық Әмина Бағысова және есілдік Алина Франц жеңімпаз атанды», - дейді Динара Сәдуақасова.

Шара соңында белгілі кәсіпкерлермен ашық диалог алаңы ұйымдастырылып, балалар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT