Бүгінгі жағдайда индустрияландыру шарасы дағдарыстан кейінгі жедел дамуға жердемдесуі тиіс - Б. Сұлтанов

None
None
А. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -  Дәл бүгінгі жағдайда индустрияландыру шарасы дағдарыстан кейінгі жедел дамуға жәрдемдесуі тиіс.

 Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Экономикалық жағдайлардың қиындығына қарамастан, республикалық бюджет бұған дейін қабылданған әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын сақтап қалады. Сонымен қатар,  мемлекеттік инвестицияларды қайта қарау және шығыстардың бір бөлігін индустрияландыруға бөлу шаралары да  қамтамасыз етіледі. Жалпы, дәл бүгінгі жағдайда индустрияландыру жұмысы дағдарыстан кейінгі жедел дамуға жәрдемдесуі тиіс. Сондай-ақ әзірленіп жатқан 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын және іске асыру жоспарланған жобаларды Ұлттық қордан облигациялық қарыздарды тарту есебінен жүргізу жоспарлануда», деді министр. Оның айтуынша, алдағы жылдың бюджетін қалыптастыру ресурстардың шектеулі болуымен және жалғасып отырған дағдарыс жағдайында бюджет қаражатын қатаң үнемдеп, тиімді пайдаланумен ерекшеленіп отыр.

Соңғы жаңалықтар